Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Өсiмдiктердi қорғау туралы

Өсiмдiктердi қорғау туралы
14-2-бап. Пестицидтердiң (улы химикаттардың) запасы



Ст. 14-2 Өсiмдiктердi қорғау туралы 2002 жылғы 3 шілдедегі N 331



1. Пестицидтердiң (улы химикаттардың) запасы дегенiмiз пестицидтердiң (улы химикаттардың) ұдайы жаңартылып отыратын белгiлi бiр көлемi және ол уәкiлеттi органның қарауындағы (билiгiндегi) мемлекеттiк меншiк болып табылады.

2. Пестицидтердiң (улы химикаттардың) запасы ерекше қауiптi зиянды организмдердiң тосыннан жаппай таралуын жоюға арналған және қалыптасқан фитосанитариялық ахуалды ескере отырып, фитосанитариялық мониторинг негiзiнде бюджет қаражаты есебiнен сатып алынған пестицидтер (улы химикаттар) көлемiнен қалыптастырылады.

3. Пестицидтердiң (улы химикаттардың) түрлерi бойынша запастың нормативiн және оларды пайдалану тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.

Статья 1 ...14 14-1 14-2 14-3 14-4 ...21 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 14-2-бап Өсiмдiктердi қорғау туралы 2002 жылғы 3 шілдедегі N 331