Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Өсiмдiктердi қорғау туралы

Өсiмдiктердi қорғау туралы
19-6-бап. Пестицидтердi (улы химикаттарды) буып-түю және олардың ыдысы жөнiндегi талаптар



Ст. 19-6 Өсiмдiктердi қорғау туралы 2002 жылғы 3 шілдедегі N 331



1. Пестицидтердi (улы химикаттарды) буып-түю және оларға арналған ыдыс өнiмдi сақтау, тасу және өткiзу кезiндегi қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге тиiс.

2. Буып-түю мен ыдысқа пайдаланылатын материалдар адамды, қоршаған ортаны пестицидтердiң (улы химикаттардың) қауiптi қасиеттерiнен қорғау үшiн арнайы лайықталуға тиiс.

3. Буып-түю мен ыдысқа пайдаланылатын материалдар пестицидтердiң (улы химикаттардың) құрама заттарының бұзылуына немесе өзге де зиянды әсерiне төзiмдi болуға және:

1) жану және (немесе) жылудың едәуiр бөлiгiнiң бөлiнуiн;

2) тез тұтанатын, уытты немесе тұншықтыратын газдардың бөлiнуiн;

3) басқа да химиялық белсендi және қауiптi заттардың түзiлуiн тудыратын реакцияға түсе отырып, олармен өзара әрекеттеспеуге тиiс.

  Ескерту. 19-6-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.17 № 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

Статья 1 ...19-4 19-5 19-6 19-7 19-8 ...21 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 19-6-бап Өсiмдiктердi қорғау туралы 2002 жылғы 3 шілдедегі N 331