Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы
127-бап. Психиатриялық көмек көрсету кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары

Ст. 127 ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Стационарлық психиатриялық көмекті, ауруханаға жатқызылған адам мен басқа да адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін неғұрлым аз шектеулі жағдайларда, медицина персоналы оның құқықтары мен заңды мүдделерін сақтай отырып, жүзеге асырады. 

2. Ауруханаға мәжбүрлеп жатқызылып, психиатриялық стационарда болған кезінде ауруханаға жатқызылған адамға күш қолданып, қысым жасау және оны оқшаулау шаралары, психиатр-дәрігердің пікірінше, оның өзіне немесе басқа адамдарға тікелей қауіп төндіретін іс-әрекетін өзге әдістермен тыю мүмкін болмаған кезде қолданылады және ол медицина персоналының тұрақты бақылауымен жүзеге асырылады. Күш қолданып, қысым жасау немесе оқшаулау шараларының түрлері мен қолданылу уақыты туралы медициналық құжаттамада жазба жасалып, оның заңды өкіліне хабарланады. 

3. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері медицина қызметкерлеріне мәжбүрлеп куәландыруды, мәжбүрлеп ауруханаға жатқызуды жүзеге асырған кезде жәрдемдесуге, ауруханаға жатқызылатын адамды қарап-тексеру мақсатында оның қасына бару үшін, сондай-ақ ауруханаға жатқызылған адам (ауруханаға жатқызылуға тиіс адам) тарапынан айналасындағылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнетін жағдайларда қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз етуге міндетті. 

Ескерту. 127-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.12.29 N 375-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Статья 1 ...125 126 127 128 129 ...186

Перейти к статье






Добавить комментарий к 127-бап ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV