Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы
128-бап. Психиатриялық стационардан шығару

Ст. 128 ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018

1. Психиатриялық стационардан шығару пациент сауыққан немесе оның психикалық жай-күйі стационарда одан әрі емдеуді қажет етпейтіндей жақсарғаннан кейін, сондай-ақ стационарға орналастыру үшін негіз болған зерттеп-қарау немесе сараптама аяқталғаннан кейін жүргізіледі. 

2. Психиатриялық стационарда өз еркімен жатқан пациент одан өзінің жеке өтініші, оның заңды өкілінің өтініші бойынша немесе оны емдеуші дәрігердің шешімі бойынша шығарылады. 

3. Психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызылған пациентті одан шығару психиатр-дәрігерлер комиссиясының қорытындысы, сот шешімі не прокурордың қаулысы бойынша бойынша жүргізіледі. 

4. Соттың ұйғарымы бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған пациенттің шығарылуы сот ұйғарымы бойынша ғана жүзеге асырылады. 

5. Психиатриялық стационарға өз еркімен орналастырылған пациентті, егер психиатриялық ұйымның психиатр-дәрігерлер комиссиясы оны осы Кодекстің 94-бабының 1-тармағында көзделгендей ауруханаға мәжбүрлеп жатқызу негіздерін анықтайтын болса, одан шығарудан бас тартылуы мүмкін. Мұндай жағдайда оның психиатриялық стационарда болуы, ауруханада жату мерзімін ұзарту және стационардан шығарылуы туралы мәселелер 125-баптың 8-10-тармақтарында және осы баптың 3-тармағында белгіленген тәртіппен шешіледі. 

Ескерту. 128-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.12.29 N 375-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
 

Статья 1 ...126 127 128 129 130 ...186

Перейти к статье






Добавить комментарий к 128-бап ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV