Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 3 Астық туралы 2001 жылғы 19 қаңтардағы N 143


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.10.2018

Астық туралы
3-бап. Астық рыногындағы мемлекеттiк басқарудың мақсаттары

Астық рыногын мемлекеттiк басқару мен реттеудiң мақсаттары: 

1) техникалық реттеу саласындағы қауiпсiздiктi (бұдан әрi – қауiпсiздiк) қамтамасыз ету; 

2) алып тасталды - ҚР 04.12.2015 № 435-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 

3) астық өткiзу рыногын кеңейту; 

4) астық сапасын қамтамасыз ету; 

5) фитосанитариялық жағдайды қауiпсiз деңгейде ұстау; 

6) табиғи-климаттық жағдайларды және рынок конъюнктурасын ескере отырып, астық өндiру құрылымын оңтайландыру және астықты өндiру, сақтау мен сату технологиясын жетілдiру; 

7) алып тасталды - ҚР 04.12.2015 № 435-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 

8) астық өндiру iсiнде инвестиция, кредит, салық және кеден саясатын қалыптастыру; 

9) астықтың қауiпсiздiгiне және сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыруға әкеп соғатын әрекеттердiң алдын алу болып табылады.  

Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.12.29 № 209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); ҚР 04.12.2015 № 435-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 2 3 4 5 ...42

Перейти к статье






Добавить комментарий к 3-бап Астық туралы 2001 жылғы 19 қаңтардағы N 143