Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Темiр жол көлiгi туралы
35-бап. Темiржол көлiгiнiң ерекше жағдайлардағы iс-әрекетi

Ст. 35 Темiр жол көлiгi туралы 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Əлеуметтік, табиғи жəне техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде, сондай-ақ төтенше жəне соғыс жағдайы енгiзiлген кезде тасымалдаушының шарттық қатынастары əлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуды (анықтауды, жолын кесуді) жəне оларды жоюды өз құзыретіне қарай жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, жергілікті жер комендантының ұсынуы бойынша уəкілетті органның шешімдері негізінде тоқтатыла тұруы мүмкiн. 

2. Ұлттық қауіпсіздікке қатер төнген немесе әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде, сондай-ақ төтенше жағдай енгiзiлген кезде және тасымалдауға кедергi келтiретiн өзге де мән-жайлар кезiнде Инфрақұрылымның ұлттық операторы темiржол қатынасының белгілі бір бағыттарында тасымалдауға байланысты қызметтер көрсетудi уақытша тоқтату не шектеу туралы шешiм қабылдай алады. 

Ұлттық инфрақұрылым операторы осындай шешiмнiң қолданылу мерзiмiн белгiлеуге, сондай-ақ уәкiлеттi органды, тасымалдаушыларды және өзге де мүдделі тұлғаларды дереу хабардар етуге мiндеттi. 

3. Багажды, жүктi және жүк-багажды жеткiзiп беру, беру жөнiндегi шартты тиiстi тұрғыда орындамауға әкеп соқтырып, сақтаудың шектi мерзiмiнiң өтiп кетуiне ұрындырған осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған мән-жайлар туындаған кезде тасымалдаушы багажды, жүктi және жүк-багажды жөнелтушiге, жүк жөнелтушiге олардың есебiнен қайтаруға құқылы. 

Ескерту. 35-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...33 34 35 35‑1 36 ...97

Перейти к статье






Добавить комментарий к 35-бап Темiр жол көлiгi туралы 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266