Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Тұрғын үй қатынастары туралы
101-6-бап. Тұрғын үй төлемдерін алушының құқықтары

Ст. 101-6 Тұрғын үй қатынастары туралы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
Тұрғын үй төлемдерін алушы: 

1) қызмет өткеретін арнаулы мемлекеттік органнан немесе Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мемлекеттік мекемесінен өзінің жеке арнайы шотына аударылған ақша туралы мәліметтерді жыл сайын талап етуге; 

2) жеке арнайы шотына пайдаланылмаған тұрғын үй төлемдерінің сомасын жинақтауға; 

3) тұрғын үй төлемдерін қызмет өткеретін жеріне қарамастан, Қазақстанның кез келген өңірінде мақсаты бойынша пайдалануға; 

4) арнаулы мемлекеттік органның немесе Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар мемлекеттік мекемесінің және жеке арнайы шот ашылған банктің келісімімен тұрғын үй төлемдерінің пайдаланылмаған сомасын екінші деңгейдегі бір банктен басқасына олардың нысаналы мақсатын өзгертпестен аударуға құқылы.
Статья 1 ...101‑4 101‑5 101‑6 101‑7 101‑8 ...121

Перейти к статье






Добавить комментарий к 101-6-бап Тұрғын үй қатынастары туралы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94