Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы

Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы
11-бап. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекеттiң сыйлықақысын төлеуді шектеу



Ст. 11 Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы 2000 жылғы 7 желтоқсандағы N 110




1. Мемлекеттiң сыйлықақысы мынадай жағдайларда:

1) алып тасталды  

2) салымшы тұрғын үй заемын нысаналы түрде пайдаланбағанда; 

2-1) ақшаны үш жылдан аз уақытта жинаған кезде заем берілген күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде заемды қайтарғанда; 

3) тұрғын үй құрылысы жинақ банкi салымшыға мемлекеттің сыйлықақысын төлеудi осы Заңды және (немесе) тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартты бұза отырып жүзеге асырғанда бюджетке қайтарылуға тиiс.

Бұл ретте тұрғын үй құрылысы жинақ банкі талаптарды бұза отырып төлеген мемлекет сыйлықақысының сомасы (соманың бiр бөлiгі) қайтарылуға тиiс;  

4) тұрғын үй құрылысы жинақ банкiнде салымдарды жинақтау мерзiмi үш жылдан кем болған кезде тараптар тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартты мерзiмiнен бұрын бұзғанда;  

5) салымшы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт бойынша құқықтарын Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын адамға бергенде;  

6) бюджеттің атқарылуы жөнiндегі орталық уәкілетті орган бір салымшыға бірнеше тұрғын үй құрылысы жинақ банктерiнде тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша екі және одан да көп шоттар бойынша мемлекеттiң сыйлықақысы төленгенiн анықтағанда бюджетке қайтарылуға тиiс. Бұл ретте алдындағы жылдарда есептелген мемлекеттің сыйлықақысы салымшының таңдауы бойынша тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдардың бiрі бойынша есептелген сыйлықақыларды қоспағанда, бюджетке қайтарылуға тиiс.  

2. Мемлекеттiң сыйлықақысы мынадай жағдайларда:  

1) салымшы тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің жазбаша рұқсатымен Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын басқа адамға тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт бойынша құқықтарын бергенде немесе тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасын және (немесе) тұрғын үй заемын, аралық тұрғын үй және алдын ала тұрғын үй заемдарын алу құқықтарына кепiлдiк бергенде;  

2) салымшы қайтыс болғанда немесе еңбекке жарамдылығынан мүлде айрылғанда;  

3) салымшы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт жасасқаннан кейiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен жұмыссыз ретінде тiркелгенде және мемлекеттiң сыйлықақысы төленетін кезде алты ай бойы үздiксiз осындай жағдайда болғанда;  

4) осы Заңның 12-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда бюджетке қайтарылуға жатпайды.

Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.04.14. N 43, өзгеріс енгізілді - 2007.07.02. N 272, 2012.07.05. N 27-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...9 10 11 12 13 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 11-бап Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы 2000 жылғы 7 желтоқсандағы N 110