Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы
12-бап. Аудандық өкiлдi және атқарушы органдардың өкiлеттiктерi



Ст. 12 Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200



Аудандық өкiлдi және атқарушы органдар бiрлескен шешiмiмен:

1) облыстық өкiлдi және атқарушы органдарына елдi мекендердi аудандық маңызы бар қалалардың категорияларына жатқызу туралы ұсыныстар енгiзедi;

2) облыстық өкiлдi және атқарушы органдарға елдi мекендердi кенттер немесе ауылдар категорияларына жатқызу туралы; кенттердi немесе ауылдарды құру немесе қайта құру, олардың бағыныстылығын өзгерту, оларды есепке алу және тiркеу туралы ұсыныстар енгiзедi;

3) кенттер мен ауылдардың басқару органдарының пiкiрiн ескере отырып, осы елдi мекендердiң шекараларын белгiлейдi және өзгертедi;

4) облыстық өкiлдi және атқарушы органдарға аудандардың ауылдық округтердiң шекараларын өзгерту туралы ұсыныстар енгiзедi;

5) тиiстi аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып, облыстық өкiлдi және атқарушы органдарға кенттерге, ауылдық округтерге, ауылдарға ат қою және олардың атын өзгерту туралы ұсыныстар енгiзедi;

5-1) тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде аудандық маңызы бар қаланың құрамдас бөлiктерiне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жөніндегі мәселелерді шешеді;

6) <*>

7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті өкілді және атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Аудандық атқарушы органдар аудан шекараларындағы қазiргi және жаңадан құрылатын елді мекендердi есепке алуды және тіркеуді жүзеге асырады, сондай-ақ оларды есептi деректерден шығарады.

Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгiзiлдi - ҚР 20.12.2004 № 13 (01.01.2005 бастап күшіне енеді); 09.02.2009 № 126-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 05.07.2011 № 452-IV (13.10.2011 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.01.2013 № 72-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізiледi) Заңдарымен.

Статья 1 ...10 11 12 13 14 ...16 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 12-бап Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200