Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы

Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы
13-бап. Қалалық өкiлдi және атқарушы органдардың өкiлеттiктерi



Ст. 13 Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200



Қалалық өкiлдi және атқарушы органдар бiрлескен шешiмiмен:

1) облыстық өкiлдi және атқарушы органдарға қалаларды республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар категорияларға жатқызу туралы ұсыныстар енгiзедi;

2) облыстық өкiлдi және атқарушы органдарына, ал республикалық маңызы бар қаланың, астананың өкiлдi және атқарушы органдары Қазақстан Республикасының Үкiметiне қалалар шекараларын өзгерту жөнiнде, соның iшiнде олардың құрамына жеке елдi мекендердi енгiзу туралы ұсыныстар енгiзедi;

3) қаладағы аудандарды құрады және таратады, олардың шекараларын белгiлейдi және өзгертедi;

4) республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді және атқарушы органдары:

тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Республикалық ономастика комиссиясымен келісілген республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде республикалық маңызы бар қалалардың, астананың қаладағы аудандарына, құрамдас бөлiктерiне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жөніндегі мәселелерді шешеді;

Республикалық ономастика комиссиясының қарауына әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, метрополитен стансаларына, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімдерін беру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

5) қаладағы аудандардың, алаңдардың, даңғылдардың, бульварлардың, көшелердiң, тұйық көшелердiң, саябақтардың, скверлердiң, көпiрлердiң және қаланың басқа да құрамды бөлiктерiнiң атауы және оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын өзгерту жөнiндегi жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етедi;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті өкілді және атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Ескерту. 13-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 19.12.1995 № 2691 Жарлығымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 20.12.2004 № 13 (01.01.2005 бастап күшіне енеді); 05.07.2011 № 452-IV (13.10.2011 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.01.2013 № 72-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізiледi) Заңдарымен.

Статья 1 ...11 12 13 14 14-1 ...16 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 13-бап Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200