Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
163-бап. Мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттері (әрекетсіздігі), жосықсыз бәсекелестік



Ст. 163 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V



Ескерту. 163-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Мемлекеттiк, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттерi (әрекетсіздігі), жосықсыз бәсекелестік – 

лауазымды адамдарға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді. 

2. Жосықсыз бәсекелестік – 

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – 

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – төрт жүз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

Ескерту. 163-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...161 162 163 164 165 ...920 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 163-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V