Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
314-бап. Объектiлердi тұрғызу және реконструкциялау кезiнде құрылыс, құрылыс-монтаждау, жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау құжаттамасынсыз жүргiзу



Ст. 314 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V



1. Объектiлердi тұрғызу және реконструкциялау кезiнде құрылыс, құрылыс-монтаж, жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау құжаттамасынсыз жүргiзу –

жүргiзiлiп жатқан жұмыстарды тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға – қырық, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –

лицензиядан айыра отырып және жүргiзiлiп жатқан жұмыстарды тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға – сексен, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сегіз жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Статья 1 ...312 313 314 315 316 ...920 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 314-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V