Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
323-1-бап. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасын бұзу



Ст. 323-1 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V



1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс, сондай-ақ мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасына, құрылыс қызметін жүзеге асыруға, оның ішінде құрылыс сапасына әсер ететін, өздеріне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген талаптарын орындамауы немесе тиісінше орындамауы – 

лауазымды тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – 

лауазымды тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

Ескерту. 20-тарау 323-1-баппен толықтырылды - ҚР 28.10.2015 № 366-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

21-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ, ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
САЛАСЫНДАҒЫ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР


Статья 1 ...322 323 323-1 324 325 ...920 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 323-1-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V