Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
36-бап. Қолсұғушылық жасаған адамды ұстап алу



Ст. 36 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V



1. Құқыққа қарсы қолсұғушылық жасаған адамды ұстап алу кезiнде, осы адамды мемлекеттiк органдарға жеткiзу және оның жаңа қолсұғушылықтар жасау мүмкіндігінің жолын кесу үшiн, егер мұндай адамды өзге құралдармен ұстап алу мүмкiн болмаса және бұл ретте осы үшiн қажеттi шараларды асыра қолдануға жол берiлмесе, осы Кодексте көзделген іс-әрекеттi жасау әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылмайды. 

2. Қолсұғушылық жасаған адамды ұстап алу үшiн қажеттi шараларды асыра қолдану деп адамға қажеттiлiктен асып, жағдайдан туындамаған, анық шектен тыс зиян келтiрген кезде, олардың ұстап алынған адам жасаған қолсұғушылықтың сипаты мен қауiп дәрежесiне және ұстап алудың мән-жайларына анық сәйкес келмеуi танылады. Мұндай асыра қолдану тек қасақана зиян келтiру жағдайларында ғана әкiмшiлiк жауаптылыққа әкеп соғады. 

3. Қолсұғушылық жасаған адамды ұстап алу құқығына оған арнаулы уәкiлеттiк берілген тұлғалармен қатар жәбiрленушiлер мен басқа жеке тұлғалар да ие болады.

Статья 1 ...34 35 36 37 38 ...920 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 36-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V