Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
401-бап. Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасын бұзу



Ст. 401 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V



1. Астықты экспорттау және импорттау кезінде астық сапасының тиісті паспорттарынсыз өткізу - 

жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

2. Алып тасталды - ҚР 04.12.2015 № 435-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

РҚАО-ның ескертпесі!

Үшінші бөлікке өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 09.04.2016 № 502-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

РҚАО-ның ескертпесі!

Үшінші бөліктің бірінші абзацының бұл редакциясы 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 09.04.2016 № 502-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3. Астық қабылдау кәсіпорындарының астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу қағидаларын, астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және өтелу қағидаларын, астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын: 

1) астық қабылдау кәсіпорындарына түсетін астықты тиісінше ресімдемеу; 

2) астықты тазартуды, кептіруді тиісінше ресімдемеу; 

3) астықты тиеп-жөнелтуді тиісінше ресімдемеу; 

4) астықтың сандық-сапалық есебі кітабын тиісінше жүргізбеу; 

5) астықтың есептелген физикалық салмағын айқындаудың тәртібін сақтамау; 

6) астық қолхатын шығару және өтеу мерзімін сақтамау; 

7) астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне дұрыс емес ақпарат енгізу түрінде жасалған бұзушылық –  

8) алып тасталды - ҚР 09.04.2016 № 502-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

9) алып тасталды - ҚР 09.04.2016 № 502-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

10) алып тасталды - ҚР 09.04.2016 № 502-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

4. Астық қабылдау кәсіпорнының, "Астық туралы" Қазақстан Республикасының Заңында рұқсат етілген қызметті қоспағанда, астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге қатысы жоқ қызметті жүзеге асыруы, үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша кепілдіктер беруі және (немесе) өз мүлкін кепілге беруі – 

лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

5. Астық қабылдау кәсіпорындарының астықтың сан мен сапа көрсеткіштері құжаттамамен расталған жағдайда оларды ұдайы (қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде екі және одан да көп рет) бұрмалауы - 

лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

6. Негізгі құралдарсыз астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру толық мүмкін болмай қалатын не едәуір нашарлап кететін негізгі құралдарды астық қабылдау кәсіпорынының иеліктен шығаруы – 

лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

7. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін осы баптың төртінші, бесінші, алтыншы бөліктерінде көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соққан бұзушылықтарды жоймау – 

лицензиядан айыра отырып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

8. Алып тасталды - ҚР 04.12.2015 № 435-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

9. Алып тасталды - ҚР 04.12.2015 № 435-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

10. Астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқару кезеңінде уақытша басқару жөніндегі комиссия мүшелерінің немесе уақытша әкімшіліктің Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасын бұзуы – 

жеке тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

11. Астық қабылдау кәсіпорындарының астық сақтау тәртібін, сондай-ақ олардың сандық және сапалық жағынан сақталуын қамтамасыз ететін іс-шараларды сақтамауы, астық иесінің астық сынамасын белгіленген тәртіппен іріктеп алуды қамтамасыз етпеуі – 

орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді. 

Ескерту. 401-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 04.12.2015 № 435-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 502-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...399 400 401 402 403 ...920 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 401-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V