Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 751 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 14.06.2018

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
751-бап. Қорғаушыдан бас тарту

1. Өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлға іс бойынша iс жүргiзудiң кез келген кезiнде қорғаушыдан бас тартуға құқылы, бұл оның өзiн қорғауды өз бетiнше жүзеге асыру ниетiн бiлдiредi. Заң көмегiне ақы төлеуге қаражаты жоқтығын уәж етiп қорғаушыдан бас тарту қабылданбайды. Бас тарту жазбаша нысанда ресiмделедi. 

2. Қорғаушыдан бас тарту өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлғаның бұдан былай қорғаушыны iске қатысуға жiберу туралы өтiнiшхат жасау құқығынан айырмайды. Қорғаушының iске кiрiсуi сол уақытқа дейiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау барысында жасалған әрекеттердi қайталауға әкеп соқпайды.
Статья 1 ...749 750 751 752 753 ...920

Перейти к статье






Добавить комментарий к 751-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V