Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы

Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы
20-3-бап. Шағымның нысаны мен мазмұны



Ст. 20-3 Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы 2000 жылғы 27 қарашадағы N 107



1. Шағым жазбаша нысанда беріледі.

2. Шағымда:

1) шағым берілетін жоғары тұрған мемлекеттік органның атауы (жоғары тұрған лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе);

2) шағым беруші жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және тұрғылықты жері не заңды тұлғаның толық атауы және орналасқан жері;

3) жеке тұлға үшін жеке сәйкестендіру нөмірі немесе заңды тұлға (филиалы мен өкілдігі) үшін бизнес сәйкестендіру нөмірі;

4) актісіне (шешіміне) шағым жасалып отырған мемлекеттік органның атауы немесе әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе);

5) шағым беруші тұлға өзінің талаптарын негіздейтін мән-жайлар және дәлелдемелер;

6) шағым берілген күн;

7) шағымға қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.

3. Шағымда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген және (немесе) шағымды мәні бойынша шешу үшін маңызы бар өзге мәліметтер де көрсетілуі мүмкін.

4. Шағымға тікелей оны беретін адам не оның өкілі болып табылатын адам қол қояды.

Статья 1 ...20-1 20-2 20-3 20-4 20-5 ...25 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 20-3-бап Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы 2000 жылғы 27 қарашадағы N 107