Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 66 Акционерлiк қоғамдар туралы 2003 жылғы 13 мамырдағы N 415


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

Акционерлiк қоғамдар туралы
66-бап. Аффилиирленген тұлғалардың қатысуымен мәмілелер жасасу ерекшеліктері

1. Аффилиирленген тұлғаларының қатысуымен қоғамның мәмілелер жасасу ерекшеліктері осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгіленеді.  

2. Қоғамның аффилиирленген тұлғаларының қатысуымен мәмiле жасасу тәртiбiне осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде белгiленген талаптардың сақталмауы кез келген мүдделi тұлғаның талап қоюы бойынша соттың мәмiленi жарамсыз деп тануына негiз болып табылады.  

3. Аффилиирленген тұлғалардың қатысуымен мәмілелер жасасу тәртібіне осы Заңда белгіленген талаптарды бұза отырып қасақана мәміле жасаған тұлғаның, егер мұндай талап пайдакүнемдік немесе жауапкершіліктен жалтару ниетінен туса, мәмілені жарамсыз деп тануды талап етуге құқығы жоқ.  

Ескерту. 66-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Статья 1 ...64 65 66 67 68 ...91

Перейти к статье






Добавить комментарий к 66-бап Акционерлiк қоғамдар туралы 2003 жылғы 13 мамырдағы N 415