Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Демпингке қарсы шаралар туралы
18-бап. Демпингтi анықтау кезiнде валюталарды қайта есептеу



Ст. 18 Демпингке қарсы шаралар туралы



1. Егер экспорттық баға мен қалыпты құнды салыстыру бiр валютадан екiншiсiне қайта есептеудi талап етсе, онда мұндай қайта есептеудi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген сату күнiндегi валюталардың ресми айырбас бағамын пайдалана отырып жүзеге асыруға тиiс. Келiсiм-шарттың, сатып алу тапсырысының, тапсырысты немесе шотты растаудың күнi сату жағдайларын қандай құжаттың айқындауына қарай сату күнi деп есептеледi.

2. Егер экспорттау, осы тауарды беру ақысына мерзiмдi валюта рыноктарында алынатын шетелдiк валютаны берушiнiң сатуымен тiкелей байланысты болса, онда уәкiлеттi орган жоғарыда аталған шетелдiк валютаны берушi сатқан кезде тиiстi мерзiмде пайдаланылған айырбас бағамын ескеруге тиiс.

3. Уәкiлеттi орган валюта бағамының қысқа уақытқа ауытқуын назарға алмайды. Демпингке қарсы iстi қарау кезiнде өнiм берушiлерге зерттелiп отырған кезеңдегi валюта бағамының өзгеру үрдiсiн ескере отырып, өздерiнiң экспорттық бағасын түзету үшiн кемiнде екi ай берiледi.

Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.09. N 114 Заңымен.

Статья 1 ...16 17 18 19 20 ...43 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Демпингке қарсы шаралар туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 18-бап Демпингке қарсы шаралар туралы