Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Демпингке қарсы шаралар туралы
27-бап. Демпингке қарсы iстi қарау рәсiмдерiне сәйкес берiлген ақпаратты тексеру



Ст. 27 Демпингке қарсы шаралар туралы



1. Тиiстi экспортшылардың және (немесе) өндiрушiлердiң келiсiмiмен және олардың елдерiнiң ресми органдары қарсы болмаған жағдайда, уәкiлеттi орган ақпараттың анықтығын тексеру немесе қосымша деректер алу мақсатымен сол елдердiң аумағына мамандар жiбере алады. 2. Уәкiлеттi орган демпингке қарсы iстi қарау басталатын күннiң дәл алдындағы алты айдан бiр жылға дейiнгi уақыт кезеңi iшiнде демпингтiң болуы туралы ақпаратты тексередi, ал материалдық залалдың немесе оны келтiру қаупiнiң болуы туралы ақпаратты үш жылға дейiнгi кезең iшiнде тексере алады. 3. Егер қайсыбiр мүдделi тұлға қажеттi мәлiметтердi уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде табыс етпесе немесе демпингке қарсы iстiң қаралуын басқа бiр жолдармен қиындатса, уәкiлеттi органның қолда бар деректер негiзiнде қорытынды шығаруға құқығы болады.

Статья 1 ...25 26 27 28 29 ...43 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Демпингке қарсы шаралар туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 27-бап Демпингке қарсы шаралар туралы