Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Төрелік туралы

Төрелік туралы
49-бап. Төрелiк талқылауды тоқтату



Ст. 49 Төрелік туралы 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 488-V ҚРЗ



1. Төрелiк талқылау осы баптың 2-тармағында көрсетілген негiздер бойынша төрелiк талқылауды тоқтату туралы ұйғарым шығару арқылы тоқтатылады. 

2. Төрелiк, егер: 

1) жауапкер даудың мәнi бойынша шешiлуiне өзiнiң заңды мүддесiнiң болуына байланысты төрелiк талқылауды тоқтатуға қарсылығын мәлiмдемесе ғана, талап қоюшы өзiнiң талабынан бас тартқан және төрелiк бас тартуды қабылдаған; 

2) төрелiктің қарауына берiлген дау оның құзыретiне жатпаған; 

3) сол тараптар арасындағы дау бойынша, сол нысанасы туралы және сол негiздер бойынша қабылданған заңды күшiне енген соттың шешімі немесе төрелiк шешiм болған; 

4) тараптар төрелiк талқылауды тоқтату туралы келiсiмге келген; 

5) төрелiк талқылау тарапы болып табылатын заңды тұлға таратылған; 

6) төрелiк талқылаудың тарапы болып табылатын жеке тұлға қаза тапқан не ол қайтыс болды деп жарияланған не хабарсыз кеткен деп танылған жағдайларда, төрелiк талқылауды тоқтату туралы ұйғарым шығарады.

Статья 1 ...47 48 49 50 51 ...60 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 49-бап Төрелік туралы 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 488-V ҚРЗ