Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы
5-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң объектiлерi



Ст. 5 Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242



1. Мыналар сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң объектiлерi болып табылады:

1) Қазақстан Республикасының аумағы;

2) облыстардың, аудандардың аумақтары;

3) елдi мекендердiң және олардың бөлiктерiнiң аумақтары;

4) функционалдық аймақтар;

5) тиесiлi технологиялық және инженерлiк жабдықтарымен ғимараттардың барлық түрлерiн қоса алғанда, жылжымайтын объектiлер;

6) арнайы экономикалық аймақтар;

7) мәртебесi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тарих және мәдениет, табиғи және қалалық ландшафт жылжымайтын ескерткiштерi.

2. Қалалар сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілері ретінде:

1) ірі қала (халық саны 500 мыңнан көп);

2) үлкен қала (халық саны 100 мыңнан 500 мыңға дейін);

3) орташа қала (халық саны 50 мыңнан 100 мыңға дейін);

4) шағын қала (халық саны 50 мыңға дейін) болып бөлінеді.

Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.10. N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

Статья 1 ...3 4 5 6 7 ...79 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 5-бап Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242