Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Аудиторлық қызмет туралы
13-бап. "Аудитор" бiлiктiлiгiн беруге кандидаттарды аттестаттау



Ст. 13 Аудиторлық қызмет туралы 1998 жылғы 20 қарашадағы N 304-I



1. Жоғары білімі және экономика, қаржы, бақылау-тексеру немесе құқық салаларында немесе жоғары оқу орындарында бухгалтерлiк есеп және аудит бойынша ғылыми-оқытушылық қызмет саласында кемінде үш жыл еңбек стажы бар адамдар аттестаттауға жiберiледi. 

2. Аттестаттаудан өткен адамдар "аудитор" бiлiктiлiгi берiлгенi туралы бiлiктiлiк куәлiгiн және бiлiктiлiк куәлiгiнiң нөмiрi, тегi, өз аты, сондай-ақ өзiнiң қалауымен - әкесiнiң аты көрсетiлген аудитордың жеке мөрiн (бұдан әрi - жеке мөр) алады.  

"Аудитор" бiлiктiлiгiн беру туралы шешiм Бiлiктiлiк комиссиясы айқындайтын мерзiмдiк баспасөз басылымдарында мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде жарияланады. 

3. Аттестаттаудан өтпеген адамдар одан қайтадан өтуге Біліктілік комиссиясының шешімі қабылданған кезден бастап үш ай өткен соң жіберіледі. 

Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.


Статья 1 ...11 12 13 14 15 ...30 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Аудиторлық қызмет туралы 1998 жылғы 20 қарашадағы N 304-I 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 13-бап Аудиторлық қызмет туралы 1998 жылғы 20 қарашадағы N 304-I