Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Аудиторлық қызмет туралы
11-бап. Кәсiби ұйымдардың құқықтары мен мiндеттерi



Ст. 11 Аудиторлық қызмет туралы 1998 жылғы 20 қарашадағы N 304-I



1. Кәсiби ұйымдар: 

1) аудиторлық ұйымдардың сапасына сыртқы бақылауды жүзеге асыруға; 

2) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аудиторлардың біліктілігін арттыру жөніндегі курстарды өткізуге, курстан өткені туралы сертификаттар беруге; 

3) аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жұмыс тәжiрибесiн талдауға, қорытуға және таратуға; 

4) мемлекеттiк, қоғамдық, шетелдiк және халықаралық ұйымдарда аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың мүддесiн бiлдiруге; 

5) өздерiнiң қатысушылары болып табылатын аудиторлардың, аудиторлық ұйымдардың аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға байланысты дауларын қарауға; 

6) аудиторлық ұйымдардың рейтингiн өткiзуге және оларды мерзiмдi баспа басылымдарында жариялауға; 

7) бухгалтерлiк есеп және аудит бойынша халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысуға; 

8) аудиторлық қызмет саласында оқулық әдебиеттердi, әдiстемелiк ұсынымдар мен мерзiмдi баспа басылымдарын әзiрлеуге, шығаруға және таратуға; 

9) аудит стандарттары және аудиторлық қызметтiң өзге де мәселелерi бойынша ұсынымдар беруге; 

10) сапаға жүргiзiлген сыртқы бақылау қорытындысы бойынша аудит стандарттары мен Әдеп кодексiн бұзуға жол берген тұлғаларды кәсiби ұйымнан шығаруға; 

11) аудиторлардың біліктілігін арттырудың оқу бағдарламаларын әзірлеуге және бекітуге құқылы. 

2. Кәсiби ұйымдар: 

1) аудиторлық қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын, аудит стандарттарын, Әдеп кодексiн сақтауға; 

2) аккредиттеуді алған кезден бастап алты ай ішінде Біліктілік комиссиясын құруға; 

3) өз мүшелерiн Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерiмен қамтамасыз етуге; 

4) Әдеп кодексiн әзiрлеуге және оны қабылдауға; 

4-1) аудиттің дамуына, оның тиімділігін арттыруға, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың қызметін ұйымдастыруға және үйлестіруге ықпал етуге; 

5) аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың аудит стандарттарының талаптарын, Әдеп кодексін сақтауын қамтамасыз етуге; 

6) Алынып тасталды - ҚР 2009.02.20 № 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен; 

7) Алынып тасталды - ҚР 2009.02.20 № 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен; 

8) мүшелер қабылдаған (шығып кеткен, шығарылған), сондай-ақ басқару жұмыс органының дербес құрамы өзгерген жағдайда, осы өзгерiстер туралы уәкiлеттi органға хабарлауға; 

9) Алынып тасталды - ҚР 2009.02.20 № 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен; 

10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi органға өз қызметi туралы ақпарат беруге мiндеттi.  

Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.02.20 № 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.


Статья 1 ...9 10 11 12 13 ...30 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Аудиторлық қызмет туралы 1998 жылғы 20 қарашадағы N 304-I 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 11-бап Аудиторлық қызмет туралы 1998 жылғы 20 қарашадағы N 304-I