Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Аудиторлық қызмет туралы
24-бап. Аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит, салықтар бойынша аудит жүргізу құқығын шектеу



Ст. 24 Аудиторлық қызмет туралы 1998 жылғы 20 қарашадағы N 304-I




Ескерту. Тақырыпқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.11.2015 № 393-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Аудиторлық ұйымдардың:

осы аудиторлық ұйым немесе осы аудитті, салықтар бойынша аудитті, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудитті жүзеге асыратын оның қызметкерлері өздерінің қатысушысы, кредиторы болып табылатын тапсырыс берушілерге;

өздерiмен азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру шартын жасасқан ұйымдарға;

осы Заңның 3-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген өзiнiң қызмет бейiнi бойынша соңғы үш жылда қызметтер көрсеткен ұйымдарға;

орындаушылары аудиттелетiн субъектiмен еңбек қатынастарында тұрған немесе оның лауазымды тұлғаларының, сондай-ақ аудиттелетiн субъектi акцияларының он және одан да астам процентiн (жарғылық капиталға қатысу үлесiн) иеленген акционердiң (қатысушының) жақын туыстары немесе жекжаттары болып табылатын аудиторлық ұйымдардың;

аудиттелетiн субъектiде жеке мүлiктiк мүдделерi бар орындаушылардың;

аудит, салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу жөніндегі міндеттемелерді қоспағанда, егер оның аудиттелетін субъектінің алдында немесе аудиттелетін субъектінің оның алдында ақшалай міндеттемелері бар болса;

жасалған жария шарттардан туындайтын міндеттемелерді қоспағанда, мүдделер қақтығысының пайда болуына әкелетін немесе осындай қақтығыстың пайда болу қатерін туғызатын жағдайларда, аудит, салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізуіне тыйым салынады.

Міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын ең төмен талаптарға сәйкес келмейтін аудиторлық ұйымның міндетті аудит жүргізуіне тыйым салынады.

Ескерту. 24-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.20 № 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.11.2015 № 393-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...22 23 24 25 26 ...30 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Аудиторлық қызмет туралы 1998 жылғы 20 қарашадағы N 304-I 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 24-бап Аудиторлық қызмет туралы 1998 жылғы 20 қарашадағы N 304-I