Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Аудиторлық қызмет туралы

Аудиторлық қызмет туралы
27-бап. Аудиттелетiн субъектiнiң жауапкершiлiгi



Ст. 27 Аудиторлық қызмет туралы 1998 жылғы 20 қарашадағы N 304-I



1. Аудиттелетін субъект аудиторлық ұйымға аудит, салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу үшін берген қаржылық есептіліктің және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпараттың толықтығы мен анықтығы үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады. 

2. Мiндеттi аудит жүргiзуден жалтарған не оны жүргiзуге кедергi жасаған, не оны жүргiзудi Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес қамтамасыз етпеген заңды тұлғаның басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. 

3. Аудит, салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу аудиттелетін субъектіні табыс ететін қаржылық есептіліктің және өзге де құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмегені үшін жауаптылықтан босатпайды. 

Ескерту. 27-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.20 № 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.11.2015 № 393-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...25 26 27 28 29 30 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 27-бап Аудиторлық қызмет туралы 1998 жылғы 20 қарашадағы N 304-I