Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Автомобиль көлiгi туралы
19-16-бап. Автокөлiк құралдарын кәдеге жарату және жою кезiндегi қауiпсiздiк талаптары



Ст. 19-16 Автомобиль көлiгi туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476



Жеке және заңды тұлғалар автокөлiк құралдарын кәдеге жаратуды, жоюды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мынадай талаптардың сақталуын ескере отырып қамтамасыз етедi:

1) автокөлiк құралдарын пайдалану тоқтатылғаннан кейiн оларды пайдалану мүмкiндiгiн болдырмау шаралары қабылдануға тиiс;

2) пайдалану процесiнде уытты заттармен, радиоактивтi аэрозольдармен ластанған автокөлiк құралдары оларды кәдеге жарату, жою кезiнде қолданылатын зиянды заттардың уыттылығына, физика-химиялық қасиеттерiне қарай арнайы ерiтiндiлермен (әдiстермен) залалсыздандыру жөнiндегi мiндеттi өңдеуден өткiзiлуге тиiс;

3) автокөлiк құралдарын кәдеге жаратудың және жоюдың барлық кезеңiн өткiзетiн персоналдың қажеттi бiлiктiлiгi болуға, олар тиiстi оқудан өтуге және еңбек қауiпсiздiгi талаптарын сақтауға тиiс.  
3-тарау. Жолаушыларды және багажды автомобильмен тасымалдау

Статья 1 ...19-14 19-15 19-16 20 21 ...55 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Автомобиль көлiгi туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 19-16-бап Автомобиль көлiгi туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476