Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Автомобиль көлiгi туралы

Автомобиль көлiгi туралы
5-1-бап. Құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға автомобиль көлігін беру міндеті



Ст. 5-1 Автомобиль көлiгi туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476



Жеке және заңды тұлғалар (дипломатиялық иммунитетi бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкiлдiктерiнен басқа) құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының оқиғалар, төтенше жағдайлар болған жерлерге бару және шұғыл медициналық көмекке мұқтаж азаматтарды емдеу мекемелерiне жеткiзу үшiн автомобиль көлігін пайдалану жөніндегі заңды талаптарын орындауға міндетті.

Жергілікті атқарушы органдар тиісті уәкілетті органның ұсынуы бойынша төтенше жағдайдың алдын алуға және оны жоюға тартылған күштер мен құралдарды тасымалдауды ұйымдастырады.

Осы бапта көзделген жағдайларда автомобиль көлігінің иелеріне көлікті пайдаланғаны үшін шығыстар, сондай-ақ келтірілген залал Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджет есебінен өтеледі.

Ескерту. Заң 5-1-баппен толықтырылды - ҚР 03.07.2013 № 121-VКонституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...4 5 5-1 6 7 ...55 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 5-1-бап Автомобиль көлiгi туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476