Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 5 Автомобиль көлiгi туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018

Автомобиль көлiгi туралы
5-бап. Автомобиль көлігінің жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету және оны төтенше жағдайларды жоюға тарту

Автомобиль көлiгiнің жұмылдыру дайындығын, азаматтық қорғаныс және авариялық-құтқару жұмыстары, әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі iс-шараларды қамтамасыз етуге байланысты қатынастар Қазақстан Республикасының арнайы заңнамалық актiлерімен реттеледi. 

Әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, сондай-ақ төтенше жағдай енгiзiлген кезде мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шығыстарды кейiннен өтей отырып, өздерiне берiлген өкiлеттiктер шегiнде тасымалдаушыларды төтенше жағдайларды жоюға байланысты жұмыстарды орындауға тартуға құқылы. 

Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...3 4 5 5‑1 6 ...55

Перейти к статье






Добавить комментарий к 5-бап Автомобиль көлiгi туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476