Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Автомобиль жолдары туралы
10-бап. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бойында сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру



Ст. 10 Автомобиль жолдары туралы 2001 жылғы 17 шілдедегі N 245



1. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға:

1) жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуде жарнама объектісін орналастыру кезінде – Ұлттық оператор;

2) жалпыға ортақ пайдаланылатын тиісінше облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуде жарнама объектiсiн орналастыру кезінде – облыстың немесе ауданның жергiлiктi атқарушы органы беретiн құжат болған жағдайда жол берiледi. 

2. Бөлiнген белдеудiң шекарасына қойылатын сыртқы (көрнекi) жарнама, өзге де ақпараттық белгiлер мен көрсеткiштер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орындалуға және қойылуға тиiс. 

3. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін ақы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес алынады.

Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен. 
  3-тарау. АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ

Статья 1 ...8 9 10 11 12 ...30 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Автомобиль жолдары туралы 2001 жылғы 17 шілдедегі N 245 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 10-бап Автомобиль жолдары туралы 2001 жылғы 17 шілдедегі N 245