Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Автомобиль жолдары туралы

Автомобиль жолдары туралы
18-бап. Жол органының және оның қызметкерлерiнiң құқықтары



Ст. 18 Автомобиль жолдары туралы 2001 жылғы 17 шілдедегі N 245



 Ескерту. 18-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Жол органы жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органмен және төтенше жағдайлар жөнiндегi уәкiлеттi органмен бiрлесiп: қысылтаяң жағдайларда (қолайсыз ауа райы-климат жағдайлары, дүлей зілзалалар, өрт, автомобиль жолдарының көтергіштік қабiлетiнiң жойылуы), сондай-ақ жөндеу-құрылыс жұмыстары жүргiзiлген кезде тиiстi жол белгiлерiн қойып және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы бұл жөнiнде жергiлiктi атқарушы органдарды және автомобиль жолдарын пайдаланушыларды хабардар ете отырып, көлiк құралдарының жол жүрiсiн шектеуге немесе тоқтатуға, автомобиль жолдарын пайдалану қағидаларының сақталуын бақылауға құқығы бар.

2. Жол органының қызметкерлерi жол элементтерiн бүлдiретiн немесе ластайтын не жүрiп өтуге арнайы рұқсаты жоқ iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты көлiк құралдарын автомобиль жолының көлiк құралдары жүретiн бөлiгiнiң шегiнен шығаруды талап етуге құқылы.

 Ескерту. 18-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.04.2014 № 195-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...16 17 18 19 19-1 ...30 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 18-бап Автомобиль жолдары туралы 2001 жылғы 17 шілдедегі N 245