Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Экспорттық бақылау туралы
17-бап. Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау саласындағы халықаралық ынтымақтастығының мақсаттары мен нысандары



Ст. 17 Экспорттық бақылау туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 300



1. Қазақстан Республикасы экспорттық бақылау және жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау режимдерін күшейту саласында шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жасайды.  

2. Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау саласындағы халықаралық ынтымақтастығы:  

1) жаппай қырып-жоятын қаруды, жеткізу құралдарын, сондай-ақ оларды жасау технологияларын таратуды болғызбау жөнінде шет мемлекеттермен бірге күш-жігерді және өзара іс-қимылды үйлестіру;  

2) халықаралық қатынастардың тұрақты және қауіпсіз жүйесін қалыптастыруға жәрдемдесу;  

3) Қазақстан Республикасының экономикасын әлемдік экономикаға тең құқықты және өзара тиімді негізде ықпалдастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау;  

4) Қазақстан Республикасының өніммен, зияткерлік шығармашылық қызметтің нәтижелерімен, оның ішінде зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелеріне құқықтармен халықаралық алмасуға қатысуын жандандыру, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) жоғары технологиялардың әлемдік нарықтарына енуі үшін мүмкіндіктерді ұлғайту;  

5) экспорттық бақылаудың халықаралық және мемлекетішілік тетіктерін жетілдіру, Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау туралы заңнамасын бұзу фактілерін және оларды бұзған тұлғаларды анықтау мақсатында жүзеге асырылады.  

3. Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау саласындағы халықаралық ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының халықаралық экспорттық бақылау режимдеріне және халықаралық форумдарға қатысуы, шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен келіссөздер мен консультациялар жүргізу, өзара ақпарат алмасу, сондай-ақ аталған салада екіжақты және көпжақты негізде бірлескен бағдарламалар мен өзге де іс-шараларды іске асыру арқылы жүзеге асырылады.  

4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары экспорттық бақылау саласында халықаралық ұйымдармен, шет елдердің мемлекеттік органдарымен, сондай-ақ шетелдік үкіметтік емес ұйымдармен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз құзыреті шегінде өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы экспорттық бақылаудың мемлекетішілік тетіктерінің тиімді жұмыс істеуіне жәрдемдесуді мақсат ететін отандық ұйымдар мен шетелдік үкіметтік емес ұйымдар арасындағы келісімшарттарды дамытуға және ақпарат алмасуға жәрдемдеседі.

Статья 1 ...15 16 17 18 19 20 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Экспорттық бақылау туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 300 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 17-бап Экспорттық бақылау туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 300