Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Ойын бизнесi туралы
15-бап. Ойын мекемелеріне келудің тәртібі мен ерекшеліктері



Ст. 15 Ойын бизнесi туралы 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 219



1. Қазақстан Республикасының жиырма бір жасқа дейінгі азаматтарының құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуына тыйым салынады.

2. Ойын мекемесі жұмысының, мөлшерлемелер қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындардың және (немесе) бәс тігудің қазақ және орыс тілдеріндегі қағидалары құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысушылардың олармен танысуы үшін ойын мекемелеріндегі көрінетін жерге орнатылуға тиіс.

3. Ойын бизнесін ұйымдастырушы:

1) ойын мекемесіне еркін келуге Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келмейтін шектеулер қоюға;

2) ойын мекемесі жұмысының, мөлшерлемелер қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің ережелерін бұзған адамдарды құмар ойындарына жібермеуге құқылы.

  Ескерту. 15-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.05.04 N 157-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 24.04.2015 № 310-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...13 14 15 16 16-1 ...17 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Ойын бизнесi туралы 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 219 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 15-бап Ойын бизнесi туралы 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 219