Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Ойын бизнесi туралы
14-бап. Міндетті резервтер



Ст. 14 Ойын бизнесi туралы 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 219



1. Міндетті резервтерді ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына арналған лицензияларды алуға үміткер өтінім берушілер әрбір қызмет түрі үшін әрбір ойын мекемесіне осы Заңда белгіленген мөлшерде қалыптастырады және банктің клиентпен жасасқан шарты негізінде және алғаш талап ету бойынша (талап етуге дейінгі салым) салымды беру шарттарында Қазақстан Республикасының аумағындағы банктерде салым шарттарында орналастырылады.

2. Ойын бизнесін ұйымдастырушы міндетті резервтерді осы Заңда белгіленген тәртіппен және шарттарда орналастыруды тұрақты негізде қамтамасыз етуге міндетті.

3. Алынып тасталды - ҚР 2009.05.04 N 157-IV Заңымен.

4. Міндетті резервтер Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, тек қана ойын бизнесін ұйымдастырушының құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысушыларға ұтысын төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындау мақсатында және ойын бизнесін ұйымдастырушының шоттары мен кассасында ақша жетіспеген жағдайда ғана пайдаланылуы мүмкін.

5. Егер міндетті резервтердің сомасы осы Заңда белгіленген мөлшерден азайған жағдайда, ойын бизнесін ұйымдастырушы осындай азайған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде міндетті резервтерді әрбір лицензияланатын қызмет түрі үшін осы Заңда белгіленген мөлшерге дейін толықтыруға міндетті.

6. Ойын бизнесін ұйымдастырушы кемінде үш айда бір рет уәкілетті органға банктік салым шартын жасаған кезде ашылған банктік шоттар бойынша ақшасының болуы және қозғалысы туралы анықтама табыс етеді.

  Ескерту. 14-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.05.04 N 157-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.04.2015 № 310-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...12-1 13 14 15 16 ...17 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Ойын бизнесi туралы 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 219 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 14-бап Ойын бизнесi туралы 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 219