Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Жеке тұрғын үй құрылысы туралы

Жеке тұрғын үй құрылысы туралы
11-бап. Жеке тұрғын үйлер құрылысының әлеуметтiк, көлiктiк және инженерлiк инфрақұрылымы объектiлерiн салу мен пайдалануды қаржыландыру



Ст. 11 Жеке тұрғын үй құрылысы туралы 1994 жылғы 3 қарашадағы N 213



Жеке тұрғын үй құрылысы аумағында қызмет көрсетуге арналған әлеуметтiк, көлiктiк және инженерлiк инфрақұрылым объектiлерiн салу мен пайдалануды қаржыландыру, сондай-ақ инженерлiк жағынан қамтамасыз ету көздерiн дамытуға жұмсалатын шығындар бюджет қаражаты, кәсiпорындардың, ұйымдардың қаражаттары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да қаржы көздерi есебiнен жүзеге асырылады. Жеке құрылыс салушылардың қаражатын тарту тек ерiктi негiзде ғана жүзеге асырылады.

Шығын мөлшерi халыққа мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету объектiлерiн салуды ескере отырып, сол жер үшiн ең төменгi қалыптан кем болмайтын, жеке және өзге де құрылыс салушылардың санына тепе-тең мөлшерде белгiленедi.

Әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылымдардың (қалыптыларымен салыстырғанда) қосымша элементтерiн жасау мен тұрғындарға қызмет көрсетудiң мейлiнше жоғары стандарттарын жүзеге асыру халықтың топтарының және жекелеген азаматтардың қаражаты есебiнен қаржыландырылуы мүмкiн.

Қоныс учаскесiнiң, үй құрылыстарының және басқа құрылыстардың шегiндегi аумақтарды инженерлiк жағынан жайғастыру, сондай-ақ сол объектiлердi пайдалану, жөндеу және қайта құру (жаңғырту) құрылыс салушылардың қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

Ескерту. 11-бапқа өзгерiс енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.  
3-бөлiм. Жеке тұрғын үйлердi салу мен пайдаланудың сапасы
үшiн жауапкершiлiк

Статья 1 ...9 10 11 12 13 ...19 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 11-бап Жеке тұрғын үй құрылысы туралы 1994 жылғы 3 қарашадағы N 213