Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Инвестициялық қорлар туралы
17-бап. Инвестициялық пай қорын құру



Ст. 17 Инвестициялық қорлар туралы 2004 жылғы 7 шілдедегі N 576



1. Инвестициялық пай қорын құру туралы шешiмдi, егер осы мәселе қордың жарғысында басқарушы компания акционерлерiнiң жалпы жиналысының айрықша құзыретiне жатқызылмаса, осы қордың басқарушы компаниясының директорлар кеңесi қабылдайды.

Инвестициялық пай қоры басқарушы компаниясының директорлар кеңесi, егер оның жарғысында өзгеше белгiленбесе, инвестициялық пай қорының ережелерiн бекiту, оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы шешiмдер де қабылдайды.  

2. Басқарушы компания бiрнеше ашық, аралық немесе жабық инвестициялық пай қорларын құруға құқылы.

Бір басқарушы компания құрған, бір түрдегі инвестициялық пай қорлары инвестициялық декларациялар бойынша ажыратылуға тиіс. 

3. Басқарушы компания жұмыс істеуін жасалған шарттарға сәйкес өзі қамтамасыз ететін инвестициялық қорлардың пайларын ұстаушы бола алмайды.

Кастодиан, тіркеуші, аудиторлық ұйым және бағалаушы жұмыс істеуін жасалған шарттарға сәйкес өздері қамтамасыз ететін инвестициялық пай қорларының пайларын ұстаушылар бола алмайды.

  Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...15 16 17 18 19 ...48 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Инвестициялық қорлар туралы 2004 жылғы 7 шілдедегі N 576 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 17-бап Инвестициялық қорлар туралы 2004 жылғы 7 шілдедегі N 576