Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Инвестициялық қорлар туралы

Инвестициялық қорлар туралы
19-бап. Инвестициялық пай қорының активтерiн сенiмгерлiк басқару шарты



Ст. 19 Инвестициялық қорлар туралы 2004 жылғы 7 шілдедегі N 576



1. Инвестор инвестициялық пай қорының активтерiн сенiмгерлiк басқару шарты бойынша ақшаны басқа инвесторлардың ақшасымен инвестициялық пай қорына бiрiктiру және кейiннен оларды осы қордың ережесiне сәйкес инвестициялау мақсатында басқарушы компанияның сенiмгерлiк басқаруына бередi.  

2. Инвестициялық пай қорын сенiмгерлiк басқару шарты қосылу шарты болып табылады, оның талаптарын басқарушы компания инвестициялық пай қорының ережелерiнде айқындайды. Қордың пай ұстаушысы инвестициялық пай қорының сенiмгерлiк басқару шартын көрсетiлген шартқа тұтастай қосылу арқылы ғана қабылдауы мүмкiн.  

3. Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген талаптармен бiрге инвестициялық пай қорын сенiмгерлiк басқару шартында:  

1) шартты бұзу және (немесе) қордың жұмысын тоқтату талаптары мен тәртiбi;  

2) қордың активтерiн басқа басқарушы компанияға басқаруға беру, басқарушы компанияның қор жұмыс iстеуiн тоқтатқаннан кейiнгi, соның iшiнде оның инвестициялық портфельдi басқаруға лицензиясының қолданылуын тоқтата тұрған немесе одан айырған жағдайларда мiндеттерiн орындау шарттары мен тәртiбi;  

3) тараптардың жауапкершiлiгi болуға тиiс.

Статья 1 ...17 18 19 20 21 ...48 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 19-бап Инвестициялық қорлар туралы 2004 жылғы 7 шілдедегі N 576