Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Инвестициялық қорлар туралы
20-бап. Инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттiк тiркеу



Ст. 20 Инвестициялық қорлар туралы 2004 жылғы 7 шілдедегі N 576



1. Инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттiк тiркеудi уәкiлеттi орган басқарушы компания ұсынған мынадай құжаттар негiзiнде:  

1) өтiнiш;  

2) басқарушы компанияның жарғысына сәйкес оның директорлар кеңесi немесе акционерлерiнiң жалпы жиналысы (дауыс беретiн барлық акцияларды иеленушi жалғыз акционерi) қабылдаған инвестициялық пай қорын құру туралы шешiмнiң көшiрмесi;  

3) басқарушы компанияның жарғысына сәйкес оның директорлар кеңесi немесе акционерлерiнiң жалпы жиналысы (дауыс беретiн барлық акцияларды иеленушi жалғыз акционерi) бекiткен қор ережесi (екi дана);  

4) кастодианмен және тiркеушiмен жасалған шарттардың жобасы;  

5) егер көрсетiлген құжаттар бұрын уәкiлеттi органмен келiсiлмеген болса, басқарушы компанияның Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарының талаптарына сәйкес келетiн басқарушы компания қызметiнiң, құрылымдық бөлiмшелерiнiң және басқарушы компания қызметкерлерiнiң инвестициялық пай қорын құру, оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету және жұмысын тоқтату жөнiндегi қызметiнiң шарттары мен тәртiбiн регламенттейтiн iшкi құжаттары (екi дана) негiзiнде жүзеге асырады.  

2. Инвестициялық пай қорының пайларына ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн беру шарттары мен тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.  

3. Инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттiк тiркеуге табыс етiлген құжаттарды уәкiлеттi орган олар ұсынылған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде қарайды.  

4. Пайлар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу процесiнде уәкiлеттi орган:

1) инвестициялық пай қорының ережесiн;

2) егер көрсетiлген құжаттар бұрын уәкiлеттi органмен келiсiлмеген болса, басқарушы компанияның Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарының талаптарына сәйкес келетiн басқарушы компания қызметiнiң, құрылымдық бөлiмшелерiнiң және басқарушы компания қызметкерлерiне инвестициялық пай қорын құру, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету және жұмысын тоқтату жөнiндегi қызметiнiң шарттары мен тәртiбiн регламенттейтiн iшкi құжаттарын келiседi.  

5. Табыс етiлген құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, уәкiлеттi орган басқарушы компанияға пайлар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк беру және олар туралы мәлiметтердi Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу арқылы пайлардың шығарылымын мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырады.

Басқарушы компания өзгерген және инвестициялық пай қорының қағидаларына тиісті өзгерістер енгізілген кезде уәкілетті орган инвестициялық пай қорының пайларын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ауыстыруды жүзеге асырады. 

6. Уәкiлеттi органның инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттiк тiркеуден бас тарту туралы шешiмi:  

1) табыс етiлген құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарға сәйкес келмеген;  

2) инвестициялық пай қорының ережелерiнде, оларға өзгерiстер мен толықтыруларда және келiсуге табыс етiлген өзге де құжаттарда қайшылықты немесе дәйектемесiз мәлiметтер болған;  

3) басқарушы компания қызметi Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда қабылданады.

  Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...18 19 20 21 22 ...48 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Инвестициялық қорлар туралы 2004 жылғы 7 шілдедегі N 576 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 20-бап Инвестициялық қорлар туралы 2004 жылғы 7 шілдедегі N 576