Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Инвестициялар туралы

Инвестициялар туралы
3-бап. Инвестициялық қызмет объектiлерi



Ст. 3 Инвестициялар туралы 2003 жылғы 8 қаңтардағы N 373



1. Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, инвесторлардың кәсiпкерлiк қызметтiң кез келген объектiлерi мен түрлерiне инвестициялар салуды жүзеге асыруға құқығы бар.

Инвесторлардың кәсіпкерлік қызметтің инвестициялар жүзеге асырылатын объектілері мен түрлеріне қатысты құқықтары мен міндеттері осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде және тиісті шарттарда белгіленеді.  

2. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету қажеттiгi негiзге алына отырып, Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен инвестициялық қызмет шектелетiн немесе оған тыйым салынатын қызмет түрлерi және (немесе) аумақтар белгiленуi мүмкiн.

Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.02.19. N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.  
2-тарау. ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕЖИМІ

Статья 1 2 3 4 5 ...24 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 3-бап Инвестициялар туралы 2003 жылғы 8 қаңтардағы N 373