Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы
13-бап. Ипотека куәлiгiнiң мазмұны



Ст. 13 Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2723



1. Ипотека куәлiгiнде мыналар көрсетiлуге тиiс:  

1) құжаттың атауына енгiзiлген "Ипотека куәлiгi" сөздерi;  

2) кепiл берушiнiң аты-жөнi (атауы) және тұрғылықты жері (орналасқан жері);  

3) кепiл ұстаушының аты-жөнi (атауы) және тұрғылықты жері (орналасқан жері);  

4) егер борышқор негiзгi мiндеттеме бойынша кепiл берушi болмаса, борышқордың аты-жөнi (атауы) және тұрғылықты жері (орналасқан жері);  

5) ипотека шарты жасалған күн мен орны;  

6) егер олар төленуге тиiс болса, негiзгi мiндеттеменiң сомасы мен сыйақының мөлшерiн көрсету; 

7) егер олар төленуге тиiс болса, негiзгi мiндеттеменiң сомасы мен сыйақысын төлеу мерзiмiн көрсету, ал егер бұл сома және немесе сыйақы бөлiнiп төленуге тиiс болса, тиiстi төлемдердiң мерзiмi мен кезеңдiлiгiн және әрқайсысының мөлшерiн немесе оларды айқындауға мүмкiндiк беретiн шарттарды көрсету; 

8) кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiктiң тiзбесi мен мекен-жайы;  

9) ипотеканың мәнi болып табылатын мүлiктiң кепiл берушiнiң меншiгi болып табылатынын айқындайтын құқықтың атауы;

10) ипотеканың мәнi болып табылатын жылжымайтын мүлiкке немесе осы мүлiктiң бiр бөлiгiне басқа да ипотека куәлiктерi бар екенiн, ипотекалық тұрғын үй қарызы шарттары бойынша ипотека куәлiктерiн қоспағанда, бұл жылжымайтын мүлiк немесе оның бiр бөлiгi жалға берiлген бе немесе оның өзге де ауыртпалығы бар екенiн немесе жоқ екенiн көрсету;  

11) кепiл берушiнiң қойған қолы;  

12) ипотека куәлiгiнiң берiлу күнi;  

13) ипотекалық куәлікке қосымша.  

2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген талаптардың сақталмауы, сондай-ақ тазартулар мен түзетулердiң болуы ипотека куәлiгiн жарамсыз етедi.

Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.06.03. N 427, 2007.07.26. N 311 Заңдарымен.

Статья 1 ...11 12 13 13-1 14 ...38 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2723 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 13-бап Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2723