Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы
31-бап. Елді мекеннің үстінен ұшу

Ст. 31 Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Қалалардың немесе кенттердің халық тығыз орналасқан аудандарының үстінен авариялық жағдайлар не төтенше мән-жайлар туындаған кезде жердегі адамдарға немесе мүлікке қауіп аса төнбейтін, бұл ұшу немесе қону кезінде қажет болатын немесе бұған әуе қозғалысын басқару органының рұқсаты берілетін жағдайды қоспағанда, қонуды орындауды қамтамасыз ететін биіктікте әуе кемелерінің ұшуы орындалады.  

2. Әуе кемелерінің елді мекендердің үстінен ұшуының схемалары (маршруттары) ұлттық қауіпсіздік органдарымен және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органмен келісіледі және оларды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітеді.  

3. Күзет іс-шараларын өткізу кезеңінде әуе кемелерінің және пилотсыз ұшу аппараттарының елді мекендердің үстінен ұшуы ұлттық қауіпсіздік органдарымен және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметімен келісіледі.  

4. Елді мекендердің үстінен ұшуды келісу және орындау тәртібі Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларында айқындалады. 

Ескерту. 31-бап жаңа редакцияда - ҚР 10.05.2017 № 64-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...29 30 31 32 33 ...111

Перейти к статье






Добавить комментарий к 31-бап Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV