Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы
7-бап. Азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық стандарттарын қолдану



Ст. 7 Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV



1. Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган айқындайтын азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың стандарттары қолданылады.

2. Азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық стандарттары азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган оларды қолдануға рұқсат берген Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдары үшін міндетті болып табылады.

3. Азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық стандарттары Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес реттелуі жүзеге асырылатын стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға жатпайды.

 Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 
2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘУЕ КЕҢІСТІГІН
ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ АВИАЦИЯ ҚЫЗМЕТІ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК
РЕТТЕУ, БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ
 Ескерту. 2-тараудың тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...5 6 7 8 9 ...111 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 7-бап Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV