Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы
8-бап. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметі саласындағы мемлекеттiк реттеу



Ст. 8 Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV



1. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметін мемлекеттік реттеу міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдаланушылардың оны қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуі, ұшуды адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, мемлекет мүдделеріне қатер төндірмей орындау;

2) әуе кеңістігін пайдалануға және ұшуды орындауға байланысты қызметті жүзеге асырудың жалпы принциптерін белгілеу;

3) Қазақстан Республикасы экономикасының және азаматтардың авиациялық қызметтерге қажеттіктерін қанағаттандыру болып табылады.

2. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалануды және авиация қызметін мемлекеттік реттеуді өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Үкіметі, азаматтық және мемлекеттік авиация салаларындағы уәкiлеттi органдар жүзеге асырады.

Статья 1 ...6 7 8 9 10 ...111 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 8-бап Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV