Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы

Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы
23-бап. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының функциялары



Ст. 23 Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы 2005 жылғы 7 қаңтардағы N 29



Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.16 № 562-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы: 

1) жедел-стратегиялық жоспарлауды, Қарулы Күштердің жауынгерлік жəне күнделікті қызметін қолдану мен оған басшылықты жүзеге асырады, олардың жауынгерлік құрамын айқындайды; 

2) Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың құрылысы мен даму жоспарын, Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарын жəне Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас Қолбасшысының директиваларын əзірлейді, əскерлерді жоспарлауды, дайындауды жəне жұмылдыра өрістетуді жүзеге асырады; 

3) мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен Қарулы Күштердi қолдану жоспарын әзірлейдi, Қарулы Күштердi жұмылдыру жоспарын әзiрлеуге қатысады;  

4) Қарулы Күштердi жауынгерлік және жұмылдыру даярлығында ұстап тұру жөніндегі iс-шараларды ұйымдастырып, жүргізеді;  

5) Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн күзету мен қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;  

6) қорғанысты ұйымдастыру саласында Қарулы Күштердің басқа да əскерлермен жəне əскери құралымдармен өзара іс-қимыл жасауын ұйымдастырады жəне жүзеге асырады; 

6-1) қорғаныс мүддесінде Қазақстан Республикасының аумағын жедел жабдықтау жоспарын, Қарулы Күштерді қолдану қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағын жедел жабдықтау қағидаларын əзірлейді; 

7) алып тасталды - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

8) аумақтық қорғаныс жоспарларын əзірлеуді, аумақтық қорғаныс міндеттерін орындауға қатысатын күштер мен құралдардың іс-қимылдарын үйлестіреді; 

9) Қарулы Күштердi мерзiмдi қызметтің әскери қызметшілерiмен, келiсім-шарт бойынша жасақтауды және азаматтық персоналды қабылдауды ұйымдастырып, жүргізедi;  

10) Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың шет мемлекеттердiң қарулы күштерiмен бiрге жедел қолданылуын және өзара iс-қимылының жоспарын әзірлеуге қатысады; 

10-1) Тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандарды белгілеу қағидаларын әзірлейді; 

11) кадрларды орналастыруды және әскери атақтар берудi жүзеге асырады, Қорғаныс министрінің қарауына номенклатураға сәйкес лауазымдарға тағайындау және әскери атақтар беру жөнiнде ұсыныстар енгізедi;  

12) Қарулы Күштердi қару-жарақ, әскери техника, оқ-дәрi мен басқа да қажетті материалдық құралдар түрлерiмен қамтамасыз етудi, оларды пайдалануды, сақтауды, есепке алуды, есептен шығаруды және кәдеге жаратуды ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады, сондай-ақ бейбiт уақытта әскерлердi жұмылдыруды өрiстету үшiн осы құралдардың запастарын жинақтауды және орналастыруды жоспарлайды; 

12-1) Қарулы Күштерге əскери мақсаттағы автоматтандырылған басқару жүйелерін енгізуді ұйымдастырады; 

13) Қарулы Күштерде әскери ғылымды дамыту бағыттары бойынша ұсыныстар әзiрлейдi;  

14) жеке құрамның жоғары жауынгерлiк жəне моральдық-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында əскерлерді моральдық-психологиялық жəне идеологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; 

15) әскерлер қызметіне байланысты экологиялық қауіпсiздікті және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегі iс-шараларды жүргізедi; 

15-1) Қарулы Күштерде шифрланған, кодталған, құпияландырылған байланысты, мемлекеттік құпияларды қорғауды, ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастырады; 

16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қарулы Күштердi қолдану және оны басқару, басқа да әскерлермен және әскери құралымдармен өзара iс-қимылды жоспарлау саласындағы өзге де функцияларды жүзеге асырады.  

2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы соғыс уақытында Жоғарғы Бас қолбасшылық Ставкасының жұмыс органы болып табылады. 

Ескерту. 23-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.10 № 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.04.18 № 429-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.16 № 562-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...21 22 23 23-1 23-2 ...34 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 23-бап Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы 2005 жылғы 7 қаңтардағы N 29