Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 20 Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы 2019 жылғы 18 наурыздағы № 236-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.05.2024

Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы
20-бап. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру және орналастыру

1. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың жобасы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, осы Заңға және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне, мемлекеттік органдардың даму жоспарларына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен міндеттемелеріне сәйкес мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушылардың өтінімдері бойынша қалыптастырылады. 

Республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларына сәйкес тиісті жоспарлы кезеңге арналған мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың жобасы әзірленеді. 

2. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушылар əскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге тактикалық-техникалық тапсырманы (техникалық өзіндік ерекшелікті, тактикалық-техникалық сипаттамаларды) ұлттық стандарттарға сәйкес қалыптастырады. 

Ұлттық стандарттар болмаған жағдайда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушылар сатып алуға ұсынылатын əскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге тактикалық-техникалық тапсырманы (техникалық өзіндік ерекшелікті, тактикалық-техникалық сипаттамаларды) өз бетінше қалыптастырады. 

Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушылар тактикалық-техникалық тапсырманы (техникалық өзіндік ерекшелікті, тактикалық-техникалық сипаттамаларды) уәкілетті органға əскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) беру, əскери мақсаттағы жұмыстарды орындау және əскери мақсаттағы қызметтерді көрсету орындарын көрсете отырып жібереді. 

Егер осы баптың 7-тармағында өзгеше көзделмесе, уәкілетті орган тізілімге енгізілген ұйымдармен тактикалық-техникалық тапсырмаларды (техникалық өзіндік ерекшелікті, тактикалық-техникалық сипаттамаларды) өңдеу жөніндегі жұмысты жүргізеді. 

3. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының тізбесінде Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы заңнамасына сәйкес жаңарту тәртібімен шығарылатын, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының талаптарына сәйкес келетін əскери мақсаттағы тауарлар (өнімдер), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлар (өнімдер) болған кезде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушыларға беріледі, бұл ретте көлік шығыстары мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының есебінен жүзеге асырылады. 

4. Тізілімге енгізілгендер қатарынан мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыларды таңдауды уәкілетті орган немесе мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушы əскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) өндірудің, əскери мақсаттағы жұмыстарды орындаудың және əскери мақсаттағы қызметтерді көрсетудің қажетті шарттарын қамтамасыз ету мүмкіндіктерін, талап етілетін сападағы əскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) өндіру, əскери мақсаттағы жұмыстарды орындау және əскери мақсаттағы қызметтерді көрсету қабілетін негізге ала отырып, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларында айқындалған тәртіппен конкурстық негізде жүргізеді. 

Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыларды таңдау рәсімін өткізген уақытта конкурстық комиссия отырысына аудио-, бейнетіркеумен конверттерді (баға ұсыныстарын) ашу және комиссия мүшелерінің отырыс хаттамасына қол қоюы кезінде қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарының конкурсқа қатысатын өкілдері қатысуға құқылы. 

Тізілімге енгізу және тізілімнен алып тастау тәртібі, заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары және тізілімге енгізу үшін қажетті құжаттардың тізбесі мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларында белгіленеді. 

Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтермен жұмыс істеу қажеттілігі болған кезде тізілімге енгізілген заңды тұлғалардың оларды қорғау үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету мүмкіндігі ескеріледі. 

5. Тізілімнен мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыны айқындау мүмкін болмаған жағдайда уəкілетті ұйым мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушы деп танылады. 

6. Уәкілетті ұйымның əскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) беруі (импорттауы), əскери мақсаттағы жұмыстарды орындауды мен əскери мақсаттағы қызметтерді көрсетуді қамтамасыз етуі мүмкін болмаған кезде бұл іс-шара мемлекеттік қорғаныстық тапсырысқа енгізілмейді және көрсетілген тауарлар (өнімдер), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес сатып алынады немесе бұл іс-шараға бөлінген бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде өзге іс-шараларға қайта бөлінуі мүмкін. 

7. Әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы тауарларды (өнімдерді) мемлекеттік материалдық резервке беру бойынша мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыны таңдау мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттері мен жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдардың қатарынан мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. 

Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пунктерінде және жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдарда талап етілетін сападағы əскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) өндіру немесе беру мүмкіндігі болмаған жағдайда, əскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) мемлекеттік материалдық резервке беру бойынша мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыны таңдау осы баптың 4, 5 және 6-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады. 

8. Осы баптың ережелері ғылыми зерттеулерге қолданылмайды. 

9. Осы баптың 3, 4, 5, 6 және 7-тармақтарының ережелері Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарына қолданылмайды. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыларды таңдауды мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларына сәйкес жүзеге асырады. 

10. Тіркелу орны бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін офшорлық аймақтардың тізбесіне енгізілген мемлекет немесе аумақ болып табылатын не бенефициарлық меншік иесі офшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлға болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушы және (немесе) әскери мақсаттағы импорттық тауарларды (өнімдерді) беруші бола алмайды. 

Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.10.2023 № 33-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.12.2023 № 51-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...18 19 20 21 22 ...32

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

ҚРӘҚБтК-ң 230 бабының 2 бөлігі яғни сақтандыру келісім шарты "страховка", (трактор) (комбайн) шаруа қожалық көлік құралдарына міндеттелгенбе ??? Жауабын бере аласыздарма?


Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.


Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?


Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?


Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться