Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 5 Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы 2019 жылғы 18 наурыздағы № 236-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.05.2024

Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы өкілеттіктері

Қазақстан Республикасының Үкіметі: 

1) қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді; 

2) қорғаныстық-өнеркәсіптік кешеннің республикалық мемлекеттік мекемелерін, ұйымдарын, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешімдер қабылдайды; 

2-1) "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 98-бабының 3-1 және 3-2-тармақтарында көзделген талаптарды сақтай отырып, қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарын жекешелендіру туралы шешімдер қабылдайды; 

3) отандық ғылыми-техникалық әзірлемелерді қаржылық қолдау және қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарын жаңғырту мақсатында құрылатын қорғаныстық-өнеркәсіптік кешенді дамыту қорын құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешімдер қабылдайды; 

4) Ғылыми зерттеулер жөніндегі қорғаныстық ғылыми-техникалық комиссия (бұдан әрi – Қорғаныстық ғылыми-техникалық комиссия) құрады, ол туралы ережені, сондай-ақ оның құрамын бекiтеді; 

5) уәкілетті ұйымды айқындайды; 

6) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларын бекітеді; 

7) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларын бекітеді; 

8) уәкілетті органның ұсынуы бойынша мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты бекітеді; 

9) меншік нысандарына қарамастан ұйымдарда мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындалу сапасына бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекітеді; 

10) қару-жарақ пен әскери техниканың, стратегиялық материалдардың, озық технологиялардың және әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің) айналымын, оның ішінде экспорты мен импортын бақылауды ұйымдастырады; 

11) қару-жарақ пен әскери техниканың айналымы қағидаларын бекітеді; 

11-1) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және оның жекелеген жергілікті жерлерінде төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде құқық қорғау органдары және арнаулы мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар арасында мүлікті беру қағидаларын бекітеді; 

12) пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларын бекітеді; 

13) алып тасталды - ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.12.2023 № 51-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...3 4 5 6 7 ...32

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

ҚРӘҚБтК-ң 230 бабының 2 бөлігі яғни сақтандыру келісім шарты "страховка", (трактор) (комбайн) шаруа қожалық көлік құралдарына міндеттелгенбе ??? Жауабын бере аласыздарма?


Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.


Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?


Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?


Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться