Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қоғамдық бiрлестiктер туралы

Қоғамдық бiрлестiктер туралы
11-бап. Қоғамдық бiрлестiкке мүшелiк (қатысу)



Ст. 11 Қоғамдық бiрлестiктер туралы 1996 жылғы 31 мамырдағы N 3



Қазақстан Республикасының азаматтары және (немесе), саяси партияларды қоспағанда, заңды тұлғалар – қоғамдық бірлестіктер қоғамдық бiрлестiктердiң мүшелерi (қатысушылары) бола алады. Саяси партиялардан басқа, қоғамдық бiрлестiктердiң жарғыларында оларға шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың мүшелiгi (қатысуы) көзделуi мүмкiн.

Кәсіптік одақтар кәсіптік одақтардың мүшелері (қатысушылары) болып табылуы мүмкін.

Он алты жасқа толған азаматтар саяси партиялар жанындағы жастардың қоғамдық бiрлестiктерiнiң мүшелерi (қатысушылары) бола алады. Өзге де қоғамдық жастар және балалар бiрлестiктерi мүшелерiнiң жас шамасы солардың жарғыларымен (ережелерiмен) белгiленедi.

Мүшелiкке ие болу және одан айрылу ережелерi мен тәртiбi қоғамдық бiрлестiктердiң жарғыларымен белгiленедi.

Әскери қызметшiлер, ұлттық қауiпсiздiк органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлерi және судьялар партияларда, кәсiптiк одақтарда болмауға, қандай да бiр саяси партияны қолдап әрекет етпеуге тиiс.

 Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 27.06.2014 N 212-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Статья 1 ...9 10 11 12 13 ...24 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 11-бап Қоғамдық бiрлестiктер туралы 1996 жылғы 31 мамырдағы N 3