Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 24 Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 286-VІ ҚРЗ


Утратил силу

Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы
24-бап. Бала бір жарым жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты кірісінен айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлем

Ескерту. 24-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 26.12.2022 № 168-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Бала бір жарым жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты кірісінен айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлем балаға (балаларға) күтімді жүзеге асыратын және қордан төленетін әлеуметтiк төлемдерді алуға құқығы бар мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыға тағайындалады. 

Бұл ретте, егер балаға күтімді міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің бірнеше қатысушысы жүзеге асыратын болса, бала бір жарым жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты кірісінен айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлем көрсетілген адамдардың біреуіне ғана тағайындалады. 

2. Екi және одан көп бала туған кезде, бала бір жарым жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты кірісінен айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлем әр балаға жеке-жеке тағайындалады.  

3. Бала бір жарым жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты кірісінен айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлем баланың туу туралы куәлігінде көрсетілген туған күнінен бастап ол бір жарым жасқа толған күнді қоса алғанда тағайындалады. 

Бір жарым жасқа толмаған бала қайтыс болған жағдайда, әлеуметтiк төлемдер қайтыс болған айды қоса алғанда төленедi. 

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, бір жарым жасқа дейінгі баланы (балаларды) асырап алған және балаға қорғаншылық тағайындалған жағдайларда, әлеуметтік төлем соттың баланы (балаларды) асырап алу туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап немесе қорғаншы тағайындалған күннен бастап бала бір жарым жасқа толған күнді қоса алғанда тағайындалады. 

4. Бала бір жарым жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты кірісінен айырылу жағдайына арналған ай сайынғы әлеуметтiк төлемдер әлеуметтік аударымдар есептелетін объект ретінде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшерiн кірісті ауыстыру коэффициентiне көбейту жолымен айқындалады. 

Бұл ретте, кірісті ауыстыру коэффициенті 0,4-ті құрайды, ал әлеуметтік аударымдар есептелетін объект ретінде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшері осы Заңның 20-бабы 4-тармағының екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктеріне сәйкес айқындалады. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

4-тармақтың үшінші бөлігі 01.01.2024 дейін қолданылады - ҚР 26.12.2019 № 286-VI Заңымен.

Осы тармақтың төртінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін өзінен әлеуметтiк аударымдар жүргізілген әрбір айдағы кіріс тиiстi қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгiленген бiр ең төмен жалақы мөлшерінің деңгейiнде қабылданады. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

4-тармақтың төртінші бөлігі 01.01.2024 дейін қолданылады - ҚР 26.12.2019 № 286-VI Заңымен.

Сол бір кезең үшін жұмыс берушіден және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болып табылатын жеке тұлғадан әлеуметтік аударымдар келіп түскен жағдайда, бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты кірісінен айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемді есептеу кезінде "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болып табылатын жеке тұлғаның кірісі қорға әлеуметтік аударымдар жүргізілген кіріс деңгейінде қабылданады. 

Бала бір жарым жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты кірісінен айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемнің мөлшері осы Заңның 26-бабына сәйкес ұстап қалуға жататын міндетті зейнетақы жарналары қосымша есептеле отырып, "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес баланың туу кезектілігіне қарай белгіленген, бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерінен кем болмайды. 

Бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемнің ең жоғары мөлшері әлеуметтік төлемге құқық туындаған күнге республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақының 7 еселенген мөлшерінің 40 пайызынан аспауға тиіс. 

5. Алушы қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған), ата-ана құқықтарынан айырылған немесе ата-ана құқықтары шектелген, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген жағдайларда, бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылуы жағдайына арналған әлеуметтік төлем баланы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттар негізінде мемлекеттің толық қамтамасыз етуіне белгілеу жағдайларын қоспағанда, бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтімін жүзеге асыратын адамға жүргізіледі. 

Ескерту. 24-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.10.2021 № 67-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2022 № 168-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...22 23 24 25 26 ...40

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть


дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое


13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться