Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы

Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы
22-бап. Асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді тағайындау және оның мөлшерi



Ст. 22 Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 405




1. Қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының – мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнің өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген қатысушысының мына отбасы мүшелерiнің:

1) он сегiз жасқа толмаған және егер осы жастан асқан балалары он сегiз жасқа толғанға дейiн мүгедек болып қалса, олардың, оның iшiнде асырап алған балаларының, аға-iнiлерiнің, апа-сiңлiлерi мен немерелерiнің асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдердің тағайындалуына және оларды алуға құқығы бар. Бұл ретте, аға-iнiлерiнiң, апа-сiңлiлерi мен немерелерiнiң еңбек етуге қабiлеттi ата-анасы болмаған немесе олар ата-анасынан алименттер алмаған жағдайда, олардың да осындай құқығы бар. Осы тармақшада аталған, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын он сегіз жастан асқан адамдардың жиырма үш жастан аспайтын шекте оқуын бітіргенше әлеуметтік төлемдер алуға құқығы бар;

2) егер қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының үш жасқа толмаған балаларының, аға-iнiлерiнің, апа-сiңлiлерiнің немесе немерелерiнің күтiмімен айналысатын болса, жасына және еңбек етуге қабiлеттiлiгiне қарамастан, ата-анасының бiреуiнің немесе жұбайының не атасының, әжесінің, аға-iнiсiнің немесе апа-сiңлiсiнің асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдердің тағайындалуына және оларды алуға құқығы бар.

2. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнің өздерi үшiн мiндеттi әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген қатысушыларының – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тағайындалған әлеуметтiк төлемдер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес айырылып қалған әрбiр ата-анасы үшiн асырап алушыға, қорғаншыға төленедi.

3. Бала кезiнен бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер деп танылған адамдарға әлеуметтiк төлемдер мүгедектiк белгiленген мерзiмге тағайындалады.

4. Алып тасталды - ҚР 17.03.2015 № 293-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5. Қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған, асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдердің тағайындалуына және оларды алуға құқығы бар отбасының барлық мүшелерiне бiр әлеуметтiк төлем тағайындалады.

6. Қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшесiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша оның әлеуметтiк төлемдегі үлесi бөлiнедi және оған бөлек төленедi.

Әлеуметтiк төлемнiң үлесiн бөлу әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органға өтiнiш жасалған күннен бастап жүргiзiледi.

7. Қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушысының асырауында болған отбасы мүшелерiнің саны өзгерген жағдайда, әлеуметтiк төлемдерді тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган алушының жазбаша өтiнiшi негiзiнде әлеуметтiк төлемдердi қайта есептеу туралы шешiм қабылдайды. Бұл peттe әлеуметтік төлем мөлшері әлеуметтік төлемдер алуға құқығы бар отбасы мүшелерiнiң санына қарай тиiсiнше ұлғайтылады немесе азайтылады.

8. Асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін ай сайынғы әлеуметтiк төлем мөлшерi республикалық бюджет туралы заңда белгiленген жалақының ең төмен мөлшерінің сексен пайызын шегеріп, әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi ретiнде ескерiлген табыстың орташа айлық мөлшерiн табысты ауыстырудың, асырауындағылар санының және қатысу өтілінің тиiстi коэффициенттерiне көбейту арқылы айқындалады.

Әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi ретiнде ескерiлген табыстың орташа айлық мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік жиырма төрт ай ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) табыстар сомасын жиырма төртке бөлу арқылы айқындалады.

Асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдер қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелерiне қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының отбасы мүшесiнiң (мүшелерiнiң) әлеуметтiк төлемдер алуға құқығы сақталатын уақыт кезеңі бойына ай сайын төленiп тұрады.

9. Асырауындағылар санының коэффициентi мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнің өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген қатысушысы қайтыс болғанға дейiн оның асырауында болған адамдар санына қарай айқындалады және асырауында бiр адам болса – 0,4, асырауында екi адам болса – 0,5, асырауында үш адам болса – 0,6, асырауында төрт және одан да көп адам болса – 0,8 болады.

Бұл ретте, табысты ауыстыру коэффициентi мен қатысу өтілінің коэффициентi осы Заңның 21-бабына сәйкес есептеледi.

10. Асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем:

1) қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған, бала кезінен бірінші немесе екінші топтағы мүгедек деп танылған адамдарға мүгедектікті белгілеу мерзімі аяқталған күннен бастап қайта куәландыруға дейін;

2) отбасы мүшелерінің күндізгі оқу нысаны бойынша оқушы немесе студент болып табылатыны туралы жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарынан алынған анықтаманың қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап тоқтатыла тұрады. Асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем анықтаманы кезекті ұсынған кезде тоқтатыла тұрған кезінен бастап қайта жалғасады.

11. Асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем:

1) қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған адамның қайтыс болуына байланысты тоқтатылады. Асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем қайтыс болған айды қоса алғанда жүзеге асырылады;

2) қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған адамға мүгедектікті белгілеу мерзімі аяқталған күннен бастап;

3) қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған адам он сегіз жасқа толған күннен бастап (он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедек болып қалған адамдарды қоспағанда), ал аталған адам күндізгі оқу нысаны бойынша жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында оқыған жағдайда жиырма үш жасқа толған күннен бастап тоқтатылады.

Ескерту. 22-бап жаңа редакцияда - ҚР 04.02.2013 № 75-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 10.01.2014 N 156-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.03.2015 № 293-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.


Статья 1 ...20 21 22 23 23-1 ...35 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 22-бап Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 405