Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы
12-бап. Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы құқықтары мен мiндеттерi
Ст. 12 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175
Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Жеке тұлғалар:
1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен пайдалануға;
2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша уәкiлеттi органға ұсыныстар енгiзуге;
3) табиғат қорғау ұйымдарымен бiрлесiп, мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн күзету, қорғау, қалпына келтiру және пайдалану жөнiндегi iс-шараларға қатысуға;
4) қызметi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға бағытталған қорлар құруға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың қызметiне қатысуға;
5) тиiстi мемлекеттiк органдардан ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және экологиялық желiлердiң жай-күйi мен олардың жұмыс iстеу мәселелерiне қатысты қажетті ақпарат сұратуға және алуға құқылы.
2. Жеке тұлғалар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға мiндеттi.
Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Добавить комментарий к 12-бап Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175